Владимир Путиннің Украинаға қатысты тағы бір даулы мәлімдемесі ақпарат құралдарының назарына ілікті.
Ол "орыстар мен украиндар – бір халық" деп тағы қайталаған.
"Біздің әрекетіміз өзін Ресеймен қан арқылы, рухани тұрғыда байланысты сезінетін халықты қорғауға бағытталды", – деді ол.
Путин бұл тақырыпта бұған дейін де айтқанын және өзінің осы ұстанымынан айнымайтынын жеткізді.
Бұл мәлімдеме екі ел арасындағы қақтығыстың жалғасып жатқан тұсында және Мәскеуге бағытталған халықаралық сынның күшейген шағында айтылып отыр.