Ресей президенті Владимир Путин сейсенбі күні Федералдық жиналысқа арналған жолдауын Украинадағы "арнайы операциямен" бастады. Ол Ресей арнайы әскер операция аясында алға қойылған міндеттерді дәйекті түрде, кезең-кезеңімен шешетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасап.
"Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Украинада 2014 жылғы төңкерістен кейін пайда болған неонацистік режим тарапынан төнген қауіпті жою мақсатында арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылданды. Біз рет-ретімен, мұқият және дәйекті түрде алдымызда тұрған міндеттерді шешеміз", - деді Путин сейсенбіде Федералдық жиналысқа жолдаған жолдауында.
Еске салайық, Ресей Президенті Жолдауды 2022 жылғы 24 ақпанда болған Украинаға әскери басып кірудің басталуымен орайластырып жасап отыр.