"Путин үшін соғысқысы келетін" әйелдің әлеуметтік желідегі жазбасы тексерілмек

8229

Әлеуметтік желіде "Путин үшін соғысуға дайын" әйелдің бейнежазбасы тарады. Бұған наразылық білдіргендер құзырлы орындардан тиісті шара қолдануды талап етіп отыр. 

"Путин үшін соғысқысы келетін" әйелдің әлеуметтік желідегі жазбасы тексерілмек

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында белгісіз азаматшаның "Хватит хаить Путина, пойдем за Путина воевать" деген атаумен бейнежазбасы анықталды. Аталған факт полицияда тіркелді. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында 42 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта бейнежазба бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады", – деген жауап берілді  полициядан.

Арайлым Еркебаева

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу