Путин ұзақ соғысқа дайындалуда – АҚШ-тың барлау қоғамдастығы

599

Ресей президентінің амбициясы мен оның әскери күштерінің қазіргі әлеуеті бір-біріне сәйкес келіп отырған жоқ деген пікірде Хайнс.

Путин ұзақ соғысқа дайындалуда – АҚШ-тың барлау қоғамдастығы

АҚШ-тың барлау қоғамдастығы Ресей президенті Владимир Путиннің Украинада жүргізіп жатқан соғысы алдағы айларда үдей түсуі мүмкін деп санайды. Бұл туралы Ұлттық барлау қоғамдастығының директоры Аврил Хайнс мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz CNN арнасына сілтеме жасап.

Хайнс Путин шапқыншылығының келесі кезеңінің "қараңғы және белгісіз" сипатқа ие екенін айтты. Оның сөзінше, Путиннің келесі қадамдарын болжау қиынға соғады. Ресей президентінің амбициясы мен оның әскери күштерінің қазіргі әлеуеті бір-біріне сәйкес келіп отырған жоқ деген пікірде Хайнс. 

Сонымен қатар ол "егер Ресейге қауіп төнбесе, Путин ядролық қару қолданбайды" дегенді айтып қалды.

Жақын арада Путин Донецк және Луганск облыстарын басып алып, Херсон қаласын бақылауға алып, Приднестровьеге бғаыттылған құрлық жолын кеңейтуді көздеп отырған көрінеді. Бірақ барлау қоғамдастығы Приднестровьеге жету үшін Путин толық жұмылдыруды жүзеге асыруы керек деп санайды. Ресей басшысы әзірге мұндай қадамға бармады.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу