Бұл туралы Кремль спикері Дмитрий Песков хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгін Путин Кремльде. Күні бойы оның уақыты сыртқы саяси іс-шараларға арналады. Путин Мәскеуде жұмыс сапарымен жүрген Ван Иді қабылдайды", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.
Ол бұған дейін дипломат Мәскеуде Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушев мен Ресей Федерациясының СІМ басшысы Сергей Лавровпен келіссөздер жүргізгенін еске салды.
Таңертен Ван И Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездесуде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннің күш-жігерінің арқасында Пекин мен Мәскеудің қарым-қатынасы жоғары даму динамикасын сақтап қалғанын атап өтті. Халықаралық жағдайдың құбылмалылығына қарамастан, Қытай мен Ресей Федерациясы көпполярлы әлемге стратегиялық шешімділігі мен міндеттемесін сақтайды.