Путин Запорожье мен Херсон облыстарының тәуелсіздігін мойындайтын жарлықтарға қол қойды

992

Құжаттар құқықтық ақпарат порталында жарияланды. 

Путин Запорожье мен Херсон облыстарының тәуелсіздігін мойындайтын жарлықтарға қол қойды

Ресей Президенті Владимир Путин Украинаның Запорожье және Херсон облыстарының "тәуелсіздігі мен егемендігін мойындау" туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Коммерсанть" ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Екі Жарлықта да облыстардың тәуелсіздігі туралы шешім "халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес", сондай-ақ "БҰҰ Жарғысында бекітілген халықтардың теңдігі мен өзін-өзі анықтауы" қағидатына сәйкес қабылданғаны айтылған. Екі жарлық та жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Владимир Путин 22 ақпанда Донецк пен Луганск халық республикаларының (ДНР және ЛНР) тәуелсіздігін мойындады. 23-27 қыркүйек аралығында ДНР мен ЛНР-да, сондай-ақ Ресей әскери күштерінің бақылауындағы Запорожье мен Херсон облыстарының аумақтарында Ресей құрамына кіру мәселесі бойынша референдумдар өтті. Жергілікті сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша, Ресей Федерациясына қосылу үшін ДНР-да дауыс беруге қатысушылардың 99,23%, ЛНР-де — 98%, Херсон облысында – 87%, Запорожьеде – 93%-ы дауыс берді.

ДНР мен ЛНР басшылары, сондай-ақ Запорожье мен Херсонщинаның ресейшіл билігі Путиннен Ресей Федерациясына осы аумақтарды қосуды сұрады. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей құрамына жаңа субъектілерді енгізу туралы шартқа бүгін, 30 қыркүйекте қол қойылатынын айтты. Сонымен қатар, Мәскеулік уақытпен сағат 15:00-де Ресей басшысы Кремельде сөз сөйлейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу