Ресей президенті Владимир Путин Токиоға ресми сапармен бармақ. Іссапар қарсаңында жапондық БАҚ-қа сұхбат берген президент "Ниппон" телекомпаниясы мен "Иомиури" газетінің журналистерімен кездесуге акита-ину тұқымдас итін ертіп келді, деп жазады дереккөзге сілтеме жасаған reactor.inform.kz.
"Маған сіздердің Юмэні көргілеріңіз келетінін айтты. Мархабат, ол міне" – деген Путин итті Акито ауданының билігі сыйға тартқанын да тілге тиек еткен.
Өз кезегінде тілшілер итті көреміз деп ойламағанын,тіпті аздап қорқып қалғандарын айтып, соңында алғыс білдірген.
Ресей президенті алдағы ресми сапарында Жапония туралы білімін одан сайын арттыруға және әлемдік дзюдо орталығы саналатын "Кодокан" институтын көргісі келетінін де жеткізген.