Ресей мен Украина қатынасы ушығып барады

860

Путиннің жарлығынан кейін Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс одан сайын ушығып барады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ресей мен Украина қатынасы ушығып барады

Мәскеудің даулы өңірлерді "тәуелсіз мемлекет" ретінде мойындауын Киев пен Батыс мемлекеттері жаппай айыптап жатыр.

Шетелдік саясаткерлердің пікірінше, Кремльдің халықаралық құқықты бұзғаны аздай, Украинаның егемендігіне де қол сұғуда.

ЕуроОдақ Ресейге қарсы санкциялар пакетін әзірлеуге кірісті. Ал АҚШ президенті қол қойған құжатқа сәйкес, Американың қалталы азаматтарына екі "республиканың" экономикасына инвестиция құюға тыйым салады. Әлемдік қауымдастыққа Ресей қауіпсіздік кеңесінің түн жарымда өткізген шұғыл жиналысы да біраз күдік ұялатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу