Путинцева Цинциннати турнирін жеңіспен бастады

600

Небәрі 46 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетіп, 6:2, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Путинцева Цинциннати турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық Юлия Путинцева Цинциннати WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Әлемнің 36-ракеткасы Ю.Путинцева бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 51-орында тұрған қытайлық Чжан Шуаймен кездесті. Ол бәсеке барысында 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйспен ғана шектеліп, брейк жасай алған жоқ. Бұл спортшылардың өзара кездесулеріндегі есеп теңесті – 2:2. Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен шеберлік байқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу