Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Гуанжчоу (Қытай) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 76-ракеткасы, даниялық Клара Таусонмен ойнады. Бірінші партияны даниялық спортшы өз пайдасына аяқтады – 6:3. Екіншісінде тай-брейкте Юлия есе қайырды – 7:6 (7:5). Осыдан кейін Таусон жарақатына байланысты кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 48-інші, жарыстың 3-ракеткасы, германиялық Татьяна Мариямен таласады. Ол екінші айналымда рейтингте 129-сатыдағы қытайлық Чжу Сян Байдың меселін қайырды – 6:1, 6:2.