Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, қос спортшымыз Ұлттық теннис орталығының алаңдарының көрігін қыздырады.
Ұйымдастырушылар шақырғандардың қатарында әлемнің 52 -ракеткасы, ресейлік Людмила Самсонова, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы және "Үлкен дулыға" додасының бес турнирінде тор жарған француз Кристина Младенович, әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы жекелей сында екі Үлкен дулыға турнирінің финалисі - ресейлік Вера Звонарева бар.
Халықаралық турнирде сондай-ақ швециялық Ребекка Петерсон (54), чех қызы Тереза Мартинцова (60), Бельгия теннисшісі Алисон Ван Эйтванк (61), румыниялық ойыншы Ирина-Камелия Бегу (63), словениялық Полона Херцог (86), хорваттиялық Анна Конюх (88) және басқалар қатысады.
Тағы төрт спортшы іріктеу арқылы турнирдің негізгі кезеңіне өтеді, ал қалған төртеуі ұйымдастырушылардан wild card алады.