АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамп алдағы президенттік сайлауда жеңіске жетсе, Украинадағы қақтығысты инаугурацияға дейін бейбіт жолмен шешуге қол жеткіземін деп уәде берді, деп хабарлайды inbusiness.kz/kz сайты TASS агенттігіне сілтеме жасап.
"АҚШ президенті лауазымына кіріспес бұрын Ресей мен Украина арасындағы бұл сұрапыл соғыстың шешімін табамыз", - деді Трамп 20 қаңтар күні Нью-Гэмпшир штатында өткен кездесуде.
Ресурстың жазуынша, бұрынғы америкалық көшбасшы бейбіт келісімге келу үшін нақты қанша уақыт қажет екенін нақтыламады.
Бұдан басқа оның бұл жанжалды қалай шешетіні де белгісіз.
"Мен Путинді де, Зеленскийді де жақсы білемін. Біз мұны реттейміз", - деп жалғастырды Дональд Трамп.
Еске салайық, АҚШ-та президенттік сайлау қараша айына белгіленген.