Путиннің Астанаға бару жоспары өзгерген жоқ – Песков

535

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистердің Владимир Путиннің Астанаға сапары туралы сұрақтарына жауап берді.

Путиннің Астанаға бару жоспары өзгерген жоқ – Песков

Песковтың айтуынша, сапар туралы сұрақтар қоюға әлі ерте, жоспарлар өзгерген жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz "Прайм" агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Бұған дейін БАҚ-та Владимир Путин Қазақстанға 13-14 қазанда ұшуы мүмкін екендігі туралы ақпарат шыққан болатын. 

Сонымен қатар Ресей Федерациясы Президентінің Халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков Путин қазан айында Астанада өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңеске және ТМД саммитіне қатысатынын, сондай-ақ "Ресей-Орталық Азия" форматында жоғары деңгейдегі кездесуді өткізетінін мәлімдеген. 

"Мұндай сұрақтар қоюға әлі ерте", – деді Песков Президенттің қазан айында Астанаға сапарына қатысты сұраққа жауап бере отырып.

Бұл сапардың жоспарлары өзгерді ме деген қосымша сұраққа Президенттің баспасөз хатшысы "жоспарлар өзгерген жоқ" деп жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу