Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков коронавирус жұқтырып, ем алып жатқанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ол "Шынымен коронавирус жұқтырдыңыз ба?" деген сұраққа: "Иә, сырқаттанып қалдым. Емделіп жатырмын" деп жауап берді.
Айта кетсек, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің басшысы Владимир Якушев және Мәдениет министрі Ольга Любимовадан коронавирус анықталған.
Мишустин 30 сәуірден бері медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында жатыр, дәрігерлер оның жағдайы қалыпты екенін айтты.