Путиннің Қазақстанға бір күндік сапары аясында Назарбаевқа баруы екіталай

334

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. 

Путиннің Қазақстанға бір күндік сапары аясында Назарбаевқа баруы екіталай Фото: kremlin.ru

Владимир Путиннің Қазақстанға сапары кезінде ҚР бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа баруы екіталай, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты “Ведомости” газетіне сілтеме жасап.

Ресей басшысының баспасөз хатшысы және Кремльдің өкілі Дмитрий Песков Ресей президенті өзінің қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен тар құрамда әңгіме жүргізетінін айтты.

"Содан кейін, егжей-тегжейлі Қазақстан-Ресей келіссөздері басталады. Осы талқылаулардың нәтижесінде құжаттарға қол қойылады.  Сондай-ақ, екі ел басшылары БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасайды ", – деп қосты Песков.

Еске сала кетейік, 9 қарашада Ресей президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Кремльде екі ел президенттері келіссөздер жүргізіп, оның шеңберінде екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективаларын, сондай-ақ, өзекті өңірлік және халықаралық проблемаларды талқылайтынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу