Путиннің күзетшілері оның жүрген жерін байқаусызда әшкерелеп қойды

263

Strava фитнес-қосымшасы деректеріне сәйкес, Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) бірнеше қызметкері 2019 жылдан 2024 жылға дейін Қара теңіз жағалауындағы Геленджик маңындағы сарай мен Карелиядағы Марьялахти шығанағы жағасындағы резиденцияның жанынан тұрақты жүгіру маршруттарын белгіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Путиннің күзетшілері оның жүрген жерін байқаусызда әшкерелеп қойды Фото: Издание OBOZREVATEL

Le Monde газеті Strava ақпаратына сілтеме жасай отырып, өз тергеуінде: "Бұл екі учаскені біраз шақырым бөліп тұр, бірақ оларға тән бір ортақ дүние бар: олардың маңында үнемі Владимир Путиннің оққағарлары жүреді", деп жазды.

Сарай да, резиденция да Ресей президентінің меншігінде: олардың біріншісін ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың командасы 2021 жылы тергеуде жариялады, екіншісі туралы Dossier орталығы 2024 жылдың қаңтарында хабарлады.

Le Monde хабарлауынша, спорттық қолданбаны пайдалана отырып, күзетшілер өз нәтижелерін көпшілік алдында бөлісті, соның ішінде жүгіру бағыттарының геолокациясын көрсеткен. Олардың Қара теңіздегі сарай маңында не Карелияда жүгірген кездері Путиннің көпшілік алдына шықпаған сәттерімен тұспа-тұс келді. Бұл арада журналистер алынған ақпарат Ресей президентінің өзі сол кезде көрсетілген орындарда болғанын нақты айта алмайтындарын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу