Путиннің жарлығына қарсы қуыным сотқа берілді

755

Чувашия Республикасының бұрынғы басшысы Михаил Игнатьев өзін отставкаға жіберген РФ президенті Владимир Путиннің шешіміне наразы.

Путиннің жарлығына қарсы қуыным сотқа берілді

Путиннің жарлығына қарсы қуыным сотқа берілді. Бұл туралы "РИА Новости" басылымы хабарлады.

Қаңтар айында президент Игнатьевті "сенімді жоғалтты" деген желеумен қызметінен босатқан еді. Өзінің елдегі Жоғарғы сотқа жазған қуынымында Чувашияның бұрынғы басшысы жарлықпен түбегейлі келіспейтінін білдіріп отыр. 
Соттың деректер базасына сүйенсек, қуыным 20 мамырда жіберілген екен. Істі қарау процесі 30 маусымға белгіленген.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Игнатьевтің Төтенше жағдай министрлігінің қызметкерімен әзілдескен видеосы тарап кеткен болатын. Ол жаңа көліктерді табыстау рәсімі кезінде кілтті жоғары көтеріп тұрып, құтқарушыны сол кілтті секіріп алуға мәжбүрлеген. 

Осы жайттан кейін Владимир Путин 29 қаңтарда оны қызметінен босатады. Ал оның орнына Госдума депутаты Олег Николаев уақытша тағайындалды. Чувашияның жаңа басшысы 13 қыркүйекте сайланады.

Табиғат Нұрболат

Фото: ria.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу