Путиннің жарлығына қарсы шыққан экс-губернатор қайтыс болды

864

Михаил Игнатьев коронавирус дертінен көз жұмды.

Путиннің жарлығына қарсы шыққан экс-губернатор қайтыс болды Фото: rbc.ru

Чувашия Республикасының бұрынғы басшысы Михаил Игнатьев коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатқызылған болатын. Өкінішке қарай, шенеуніктің дерті асқынып, көз жұмды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. 

Игнатьев Чувашияның губернаторы болып тоғыз жыл қызмет атқарған. Бірақ 29 қаңтар күні Ресей президенті Владимир Путин оны жұмысынан босатты. Ондағы себеп – Игнатьев өзіне артылған сенімді ақтамаған.

Михаил Игнатьев басшылық қызметі кезінде билікті сынайтын БАҚ өкілдеріне қарсы "соғыс ашамын" деп басы дауға қалған болатын. Ол тіпті кейін бейәдеп сөздері үшін кешірім сұрады. Ал қаңтар айында құтқарушыларға пәтер кілтін табыстау рәсімі кезінде құтқарушыны қолындағы кілтті секіріп алуға мәжбүрлеген еді. Осы қылығынан кейін Путин оны қызметінен босатты. Президенттің жарлығымен келіспеген Игнатьев Путинді сотқа берді. Істі қарау 30 маусымға белгіленген болатын.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу