Достық ықшам ауданындағы дүкен саудагеріне өтіп бара жатқан белгісіз ер азамат пышақ ала жүгірген. Бұл бейнежазба желіде тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Артынша Алматы қаласы полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"08.01.2020 жылы сағат 13:17-де Әуезов ауданының кезекші бөліміне 25-30 жастағы белгісіз адам дүкен саудагеріне пышақ ала жүгіргені туралы ақпарат келіп түсті. Жедел іздестіру барысында күдікті ретінде "параноидтық шизофрения" диагнозымен 2011 жылдан бері психиатриалық диспансерде тіркеуде тұрған азамат тұтқындалды. Жедел жәрдем дәрігерлері оны "Психикалық денсаулық орталығына" жеткізді. Аталған факт бойынша ҚК-ның 293 бабы, 3 бөліміне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен соталды тергеу амалдары басталды",– деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.