"Пышақпен шабуылдап, ұрып-соққан": Алматы облысында әйелді бұрынғы күйеуі ұрлап кетті

467

Қазір туыстары әйелмен байланыса алмай отыр. 

"Пышақпен шабуылдап, ұрып-соққан": Алматы облысында әйелді бұрынғы күйеуі ұрлап кетті Фото: freepik

Алматы облысында әйелді бұрынғы күйеуі ұрлап кеткен. Бұл туралы НеМолчиKZ қоры мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қордың мәліметінше, қазір туыстары әйелмен байланыса алмай отыр.

“Әйел мен туыстары ер адамның үстінен полицияға бірнеше рет шығамданған. Ер адам әйеліне пышақпен, шанышқымен шабуыл жасап, ұрып-соғып, азаптаған. Әйелдің 4 баласы бар. Ер адам әйелдің жұмыстан шыққанын күтіп тұрып, күштеп алып кеткен. Туыстары Іле аудандық полиция департаментіне арыз жазған”, – делінген қордың хабарламасында.

Қор облыстық полиция департаментінен әйелдің қайда екенін жедел анықтауды сұрады. Сондай-ақ қор әйелді ұрлап әкеткен көліктің нөмірі бар екенін, ер адамның жеке басы анықталғанын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу