"Qabilet" қызметі елорданың түлектеріне мамандық таңдауда көмектеседі

661

Онлайн-брифингте оның қызметі туралы "Астана дарыны" орталығы директорының м.а. Жанар Бейсенбаева айтып берді.   

"Qabilet" қызметі елорданың түлектеріне мамандық таңдауда көмектеседі Фото: gov.kz

Мектеп түлектері мен олардың ата-аналары үшін ең өзекті мәселе – болашақ мамандықты анықтау және таңдауда қалай қателеспеу керек, өйткені қазіргі еңбек нарығында кәсіптің сан алуан түрі бар. Бұл мәселеде 2020 жылдың желтоқсан айында орталықта кәсіптік бағдар беру бойынша ашылған "Qabilet" қызметі жәрдем береді, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түлектерге мамандық таңдауға және болашақ талапкердің талаптары мен сұраныстарына жауап беретін оқу орнын таңдауға көмектесу үшін 2020 жылдың желтоқсанында орталықта "Qabilet" кәсіптік бағдар беру қызметі ашылды.

Бұл қызметтің негізгі мақсаты – 7-11 сынып оқушылары үшін жеке тұлғаның зияткерлік қабілеттері мен кәсіби өзін-өзі анықтауын, оқушының психологиясын, дағдысын, білімін, дарындылығын, икемін ескере отырып, кез келген мамандыққа бейімділігін анықтауға бағытталған.

"Qаbilet" қызметі балалардың зияткерлік қабілеттерін анықтау, кәсіби кеңес беру және 3 бағыт бойынша кәсіби маңызды құзыреттерді меңгеру мақсатында диагностика жүргізеді: ақыл-ой қабілеттерінің диагностикасы – 7-11 сынып оқушыларының интеллектуалдық қабілеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға арналған тесттер кешені; мамандық таңдау – кәсіптік бағдар беруді кешенді диагностикалау мақсатында 9-11 сынып оқушыларына, бітірушілер мен талапкерлерге арналған сынақтар кешені; кәсіптік бағдар беру – қызығушылықтар мен бейімділіктерді, қабілеттерді бағалауды, мамандықты дұрыс таңдауды ескеретін кәсіптік бағдар беруге арналған сынақтар кешені", - деді Бейсенбаева.

2022 жылы "Астана дарыны" орталығының "Qabilet" қызметі онлайн-платформасында 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін анықтаудың "4K" (шығармашылық, сыни ойлау, ынтымақтастық, қарым-қатынас) диагностикасын ұйымдастырып, жүргізді.

Оқушылардың қабілетін бағалау тестілері зияткерлік, коммуникативті және шығармашылық әлеуеті дамыған, сондай-ақ жоғары академиялық жетістіктері бар балаларды одан әрі білім беруде қолдау және кәсіби бағыт беру мақсатына арналған.

Бүгінгі күнге дейін Астана қаласы бойынша 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілет диагностикасы бойынша 18448 оқушы тіркелсе, 15612 оқушы диагностикадан өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу