Кеңесті ашқан Премьер-министр жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституцияда мемлекеттің негізгі қағидаты ретінде адамға бағдарланған саясаттың бекітілгенін атап өтті. Бұл қабылданатын барлық шешім ең алдымен азаматтар үшін нақты нәтижеге бағытталуы тиіс екенін білдіреді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Премьер-министр Олжас Бектенов конституциялық реформа аясында және Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында қойған міндеттеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Мемлекет басшысы айқындаған басым міндеттердің бірі – әлеуметтік саланы, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажет.
"Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында ұлт денсаулығына бөлінетін қаражаттың жымқырылуын басты мәселе ретінде атап өтті. Ұлт саулығына бағытталған қаржының жымқырылуы – мүлдем ақылға сыймайтын жағдай. Осыған байланысты бірқатар жүйелі шешімдер қабылданды. Қор Қаржы министрлігінің қарамағына берілді. Бұл қолданыстағы олқылықтарды жоюға, жалған есептер мен құжаттарды бұрмалаудың алдын алуға және қатаң қаржылық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бюджеттен бөлінетін әр теңгенің арнайы медициналық қызмет, дәрілік зат немесе медициналық құрылғы түрінде нақты азаматқа дейін жетуі алдағы жұмыстың негізгі қағидаты болуы тиіс.
Барлық шығын толық ашық әрі олардың өз цифрлық ізі болуы қажет. Онсыз біз денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді қамтамасыз ете алмаймыз.
Қорды трансформациялау нәтижесінде тиімсіз шығындарды, ең алдымен дәрілік заттарды сатып алу саласында қысқарту; бюджеттік жоспарлауды неғұрлым дәлірек жүргізу және демографиялық өзгерістерді ескеру арқылы дәрі-дәрмек жеткізудегі іркілістер мәселесін шешу; процестерді автоматтандыруға көшу арқылы Қор құрылымын оңтайландыру сияқты мақсаттарға қол жеткізілуі тиіс", – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қор Қаржы министрлігінің қарамағына берілген күннен бері атқарылған жұмыстар барысы қаралып, МӘМС жүйесін трансформациялаудың жаңа тәсілдері талқыланды.

Премьер-министрге қаржы министрі Мәди Такиев қабылданып жатқан институционалды шаралар туралы баяндады. МӘМС жүйесі шеңберінде жыл сайын шамамен 3,4 трлн теңге қайта бөлінеді. Қаржы министрлігі қаражатты басқаруды оңтайландыруға және оның тиімділігін арттыруға, ерікті медициналық сақтандыру көлемін "көлеңкеден" шығаруға, халыққа медициналық көмектің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да бірқатар заңға түзетулер әзірледі.
Кеңес қорытындысы бойынша Олжас Бектенов ұсынылған тәсілдерді мақұлдап, мемлекеттік органдар мен ведомстволарға бірқатар тапсырма берді:
- Әділет, Ұлттық экономика және Денсаулық сақтау министрліктері осы жылдың 25 наурызына дейін Қор қызметін жетілдіру бойынша түзетулер енгізуі тиіс.
- Қаржы министрлігі Денсаулық сақтау, Әділет, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, биылғы 31 наурызға дейін мемлекеттің жыл сайынғы жарнасы мөлшерін республикалық бюджет қаражатынан алынған инвестициялық кіріс сомасынан аспайтын сомаға қысқарту бойынша, сондай-ақ ТМККК мен МӘМС-ті қаржыландыру үшін қордың жинақталған активтерін пайдалану жөнінде нақты ұсыныстар беруі қажет.
- Ал Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық өңір әкімдері, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін МӘМС және ТМККК шеңберінде қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың Qalqan жүйесіне көшуін қамтамасыз етуі керек.