"Qarmet" компаниясынан ұрлық жасады деген күдікке ілінген екеу іздестіріліп жатыр

283

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

"Qarmet" компаниясынан ұрлық жасады деген күдікке ілінген екеу іздестіріліп жатыр Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Qarmet" АҚ-дан ұрлық жасады деген күдікпен аса ірі мөлшерде қылмыстық топпен жасалған алаяқтық фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі) іздестірілуде:

  • Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 02.04.1987 жылы туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұлтартпау шарасы "қамауда ұстау".
  • Чижевский Андрей Александрович, 29.11.1987 жылы туған, Қостанай облысының тумасы. Бұлтартпау шарасы "қамауда ұстау".

Іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1 мекенжайы бойынша немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу