Qarmet шахтасынан 155 жұмысшы шұғыл түрде эвакуацияланды

229

Шахтада электр желісінен ақау шыққан. 

Qarmet шахтасынан 155 жұмысшы шұғыл түрде эвакуацияланды Фото: Апатит

7 қараша күні кешкісін Qarmet-ке қарасты "Абай" кенішінен жұмысшылар шұғыл түрде көшірілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шахтада электр энергиясының өшкені туралы ақпарат орталық диспетчерлік бөлімге 20:29-да түскен. "Қарағанды жарық" №9 трансформаторлық кәсіпорнында жарық тоқтағаны анықталды.

"Қызметкерлер дереу эвакуация жоспарын енгізіп, 155 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Кәсіпорынның барлық қызметі жедел жұмыс істеді", – делінген хабарламада.

Қазір электр энергиясы қалпына келтірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу