Qarmet-ті келешекте қандай өзгерістер күтіп тұр?

400

Qarmet – ел экономикасына нақты әсері бар кәсіпорын. 

Qarmet-ті келешекте қандай өзгерістер күтіп тұр? Фото: Qarmet

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев Qarmet компаниясына қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өзіңіз білесіз, Қарағанды металлургия комбинатын біз қайтып алған кезде бүкіл қоғам қуанды, алда үміт өте үлкен. Себебі көптеген цехтар енді металдың сапасы түзеледі, оның бағасы жақсарады, біз әртүрлі бұйым шығарамыз деп отыр. Осы кәсіпорын экономикамызға ең үлкен ықпал етеді. Енді жаңа инвестор пайда болды. Лаврентьев (ред. – Андрей Лаврентьев) мырза 3,5 млрд доллар құямын деді. 2024 жылы 1,3 млрд доллар құятынын айтты. Мамыр айы болды, биыл осы ақша түсе ме? Лаврентьев мырзаның уәдесі қандай міндеттемемен бекітілді? Сол ақша келіп түссе, бірінші ретте нені қолға алады? Біз соған алаңдаулымыз", - деді мәжілісмен.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың сөзінше, Қарағанды темір өндіретін кәсіпорнында 30 мыңнан аса адам жұмыс істейді.

"Ол экономикаға нақты әсер ететін кәсіпорын. Ең әуелі Лаврентьевтің уәдесі – 3,5 млрд инвестицияны жасау. Бұл инвестицияны қай мақсаттарға бағыттаймыз? Біріншіден, экологияға байланысты бағыт. Домна пеші тек көмірмен жұмыс істейді, бірақ оны газбен жұмыс істеуге көшіруге болады. Осындай жоспар бар. Соған сәйкес бұл жұмысты келесі жылда аяқтаймыз. Екіншіден, қазіргі таңда олардың тауар тізім өте аз. Соны арттыруымыз қажет. Үшіншіден, Қазақстанның басқа өнеркәсіпорындары болаттың арнайы маркаларын басқа елден экспорттап жатыр. Осындай арнайы марканы Qarmet келешекте жасайтын болады. Тиісті жоспар бар. Осындай бағыттар болады. Қазір осы инвестордың жұмыс нәтижесін көріп отырсыздар. Ең бірінші кеншілердің айлығын көтерген, екіншіден өндіріс көлемі өсіп жатыр", - деп жауап берді ол Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Қанат Шарлапаев Qarmet акционерлерінің міндеттемелері жеке инвестициялық келісімде көрсетілгенін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу