Qatar Airways әуе компаниясы 5 ақпаннан бастап әлемде алғашқы болып ең ұзақ коммерциялық тікелей сапарды жүзеге асырмақшы, деп хабарлайды ТАСС.
Жаңа 920-шы рейс Катардың астанасы Доха мен Жаңа Зеландияның Окленд қаласының арасын жалғайды. Тікелей сапардың ұзақтығы – 16 сағат 20 минут. Қайту жолы 17 сағат 30 минутқа жалғасады. Доха мен Оклендтің арасы 14,5 мың шақырымды алып жатыр.
Сапар Boeing 777-200 ұшағымен жасалады, деп атап көрсеткен Gulf News газеті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу