Qatar Airways Қазақстанға әуе рейстерін ашады

957

Екі ел арасындағы рейстерге билеттердің сатылымын бастау 16 қаңтарға жоспарланған.

Qatar Airways Қазақстанға әуе рейстерін ашады

2020 жылдың 30 наурызында Qatar Airways әуе компаниясының Доха мен Нұр-Cұлтан қалалары арасында, ал 1 сәуірде Доха және Алматы қалалары арасында алғашқы рейсті орындау рәсімі өтеді, деп хабарлады ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Инаугурациялық рейстер Боинг-787 (Dreamliner) үлгісіндегі әуе кемесінде орындалатын болады.

"Qatar Airways әуе компаниясы Доха қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына аптасына 2 рейс жиілікпен және Алматы қаласына аптасына 4 рейс жиілікпен Эйрбас-320 үлгісіндегі әуе кемесінде тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды", – делінген хабарламада.

Жалпы, Qatar Airways әуе компаниясы Қазақстанға аптасына 6 рет тұрақты түрде ұшатын болады.

Екі ел арасындағы рейстерге билеттердің сатылымын бастау 16 қаңтарға жоспарланған.

"Рейстің ашылуы қазақстандық жолаушыларға Qatar Airways әуе компаниясының 160 бағытына сапар шегуге мүмкіндік береді",– дейді комитеттен.

Айта кетсек, Qatar Airways – Катардың ұлттық әуе компаниясы, әлемдегі ең ірі әуе компаниялардың бірі. Әуе кемелерінің паркі 233 ұшақтан тұрады. Әуе тасымалдаушының басты транзиттік хабы –Доха қаласындағы Хамад халықаралық әуежайы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша әуе компания 29 млн жуық жолаушы тасымалдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу