Qazaq Air 1 желтоқсанда Астана-Семей тұрақты рейсін ашады

809

Qazaq Air  1 желтоқсанда Астана-Семей тұрақты рейсін ашады

Авиакомпания Qazaq Air  әуе компаниясы үстіміздегі жылғы  1 желтоқсаннан бастап  қысқы әуе қатынасына көшу шеңберінде Астана-Семей тұрақты рейсін ашқалы отыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Казахстан".

Рейс Bombardier Q400 Next Genс әуе кемесінде аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері жасалады.

Астанадан Семейге ұшып жетудің ұзақтығы – 1 сағат 25 минут, әуе билетінің құны бір бағытқа әуежайдың алымдарын қоса есептегенде 16 мың  916 теңгеден басталады.

Бұған дейін де хабарланғандай, әуе компаниясы үстіміздегі жылдың  1 желтоқсанынан бастап Атыраудан Орал мен Ақтауға да әуе рейстерін ашқалы отыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу