Qazaq Air 13 наурыздан бастап Ресейге қайта ұша бастады

1235

Компания 12 наурызға Ресейге жоспарланған рейстерді іске асырған жоқ. 

Qazaq Air 13 наурыздан бастап Ресейге қайта ұша бастады

"QAZAQ AIR әуе компаниясы Ресейге жоспарланған барлық рейстер 2022 жылдың 13 наурызынан бастап қайта орындала бастайтынын хабарлайды. Билеттерді брондау www.flyqazaq.com сайты арқылы қолжетімді. 2022 жылдың 12 наурызында рейстердің орындалмауына қатысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. QAZAQ AIR авиакомпаниясы қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес ұшулар қауіпсіздігі бойынша барлық талапты сақтап отыр", – делінген компания сайтында.

Еске салайық, аталған компания 12 наурызға Ресейге жоспарланған рейстерді іске асырған жоқ. Оның себебі сақтандыру өтеліміне байланысты болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу