Qazaq Air әуе кемесін қазақстандық тіркеуге қойды

964

Қазақстандық әуе тасымалдаушы Qazaq Air өзінің әуе кемесін қазақстандық тіркеуге қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Qazaq Air әуе кемесін қазақстандық тіркеуге қойды

"1 тамыздан бастап Qazaq Air-дың екі ұшағы қазақстандық тіркеуге қойылып, техникалық қызмет көрсетудің сертификатталған стансасында тұр. Әуе компаниясының әке кемелерін техникалық қызмет көрсету бойынша дербестігі (Қазақстанның органдарының бақылауында болады) ұзақ мерзімді даму келешегімен жергілікті инженерлік құрамды дамытуға мүмкіндік береді. Qazaq Air алдағы уақытта да жолаушыларымыз үшін қолжетімді сапарларды дамытып, ұсыну үшін ішкі локализацияны дамытуды жалғастырады", - дейді әуе компаниясының басқарма төрағасы Пламен Атанасов.

Ведомствоның түсіндіруінше, бұдан бұрын Qazaq Air әуе компаниялары Арубта тіркеліп тұрған.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінен хабарлағандай, 2021 жылдың көктемінде әуе тасымалдаушысын Қазақстанның авиациялық әкімшілігі сертификаттаған. Осы сертификаттаудан кейін Qazaq Air әуе кемелерін қазақстандық тіркеу органдарына қайта тіркей бастаған. Әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу нөмірі – мемлекеттің тіркеуіне өткеннен кейін ұшаққа берілетін идентификацияланған нөмір. Qazaq Air компаниясының барлық әуе кемесі бүгін де жаңартылғн авиациялық тіркеу префиксіне (UP – Қазақстанның азаматтық авиациясы) ие. 

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитстің айтуынша, коммерциялық ұшақтардың бәрінің репатриация процесі шамамен 5 жылға жуық уақытты алады.

"Qazaq Air өзінің қайта тіркелуін аяқтады", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу