Компанияның баспасөз қызметі: "QAZAQ AIR әуе компаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей территориясында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімі жүргізілмейтіні туралы хабарлама алды. Аталған жағдайға байланысты авиакомпания Ресей территориясы әуесінде сақтандыру өтелімі туралы мәселе шешімін таппайынша Ресейге авиарейстерді орындауға қауқарсыз. Осы себепті Новосибирскіге бүгінгі (12 наурыз) рейс орындалмайды", – деп мәлім етті,.
Жолаушыларға билет құны толық қайтарылуда. Билеттерді қайтару сатып алған жерлері бойынша жүзеге асырылып жатыр.
"Алдағы күндері кестеде болуы мүмкін өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етіп отырамыз. QAZAQ AIR әуе компаниясы ұшулар қауіпсіздігі бойынша қазақстандық және халықаралық стандарттардың барлық талабын орындап отыр", – деді компанияның баспасөз қызметінен.