Бұл туралы тасымалдаушының баспасөз қызметі хабарлады.
"2015 жылы іргесі қаланған QAZAQ AIR жаңа әуе компаниясы 2022 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайдаға қол жеткізе отырып, Қазақстан Үкіметі бекіткен жекешелендіру жоспарына сәйкес QAZAQ AIR-ді 2023 жылдың соңына дейін жекешелендіру көзделіп отыр", – деп хабарлады компания баспасөз қызметі.
Қазақстандық әуе тасымалдау нарығын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер қарастыру үшін, QAZAQ AIR әуе компаниясының ұшу географиясын кеңейтуге, флотты ұлғайтуға және инновациялық шешімдерді енгізу мақсатында жеке инвесторды тарту қарастырылып отыр. Жекешелендіруді "Самұрық-Қазына" АҚ Қазақстандық Ұлттық әл-ауқат қоры атынан авиакомпанияның жалғыз акционері жүргізеді.
QAZAQ AIR тұрақты ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсететін, пайдаланушы сертификаты бар Қазақстанның үш ірі коммерциялық әуе компаниясының бірі болып табылады. Әуе компаниясы IATA ресми мүшесі болып табылады және IOSA халықаралық өндірістік қауіпсіздік стандарты бойынша сертификатталған. Оның әуе кемелеріне желілік қызмет көрсету бойынша сертификатталған станциясы және авиациялық оқу орталығы бар. Шекаралас елдерге халықаралық авиарейстерді қоса алғанда, Астана қаласында базасы бар хабтық маршруттық желіге қызмет көрсетеді. 2021-2022 жылдары әуе компаниясы Skytrax халықаралық рейтінгісі бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік үш өңірлік әуе компанисының қатарына енді.
"Активті жекешелендіру "Самұрық-Қазына" АҚ-ның активтерді бәсекелестік ортаға беру жөніндегі қағидаларына сәйкес ашық екі кезеңдік байқау әдісімен жүргізіледі", – деп хабарлады компанияда.
Қазақстанның әуе тасымалдау нарығында жолаушылар ағыны жылдан жылға қарқынды түрде ұлғайып келеді (2022 жылы 11 млн және 2021 жылы 9,4 млн немесе +17%). Мұндай көрсеткіштерге негіз болып отырған келесі факторларды атауға болады: Қазақстанның көпвекторлы және либералды халықаралық саясатты қолдауы нәтижесінде халықаралық әуе тасымалының үлғаюы; Астананың Орталық Азияның қаржы орталығы ретінде белсенді дамуы, сондай-ақ еліміздегі негізгі қалалардың (Қазақстан аумағының көлемі бойынша әлемдегі 9-шы ел) арасындағы зор қашықтықтың негізінде ішкі рейстерге деген сұраныстың артуы мен туризмді дамыту.
Өтінімдер 2023 жылғы 28 қыркүйекке дейін қабылданады.