Qazaq Air әуе компаниясын жекешелендіру: Бастапқы баға жарияланды

Болашақ инвесторларға қандай талап қойылады? 

Qazaq Air әуе компаниясын жекешелендіру: Бастапқы баға жарияланды Фото: Inbusiness.kz

"Самұрық-Қазына" АҚ Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжанның айтуынша, Qazaq Air-ді жекешелендірудің мақсаты – компанияға инвестиция мен ресурстар тарту. 

"Компанияға болашақта жетекші өңірлік әуе тасымалдаушысына айналуы үшін ресурстар тарту керек", – деді спикер арнайы брифингте. 

Бұл тұста ол жекешелендірудің шарттары бекітілгенін айтты. 

"Жекешелендірудің шарттары бекітілді. Екі кезеңдік тендер жарияланады. Жекешелендіруге авиакомпанияның 100% дейінгі акциялары шы5арылады. Бұл жекешелендірудің ең ашық тәсілі", - деді Салтанат Сәтжан.

Болашақ инвесторларға қойылатын маңызды біліктілік талаптарының бірі – азаматтық авиациядағы тәжірибенің болуы.

Сонымен қатар инвесторлардың қаржылық тұрақтылығына да қатысты шарт бар. 

"Бірінші кезеңде барлық әлеуетті инвесторлар сараланады. Бірінші кезеңге өтінімдерді қабылдау қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Екінші кезеңде компания акцияларының бағасы анықталады. Ең төменгі бастапқы баға бүгінде 10,2 млрд теңгені құрайды", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу