QAZAQ AIR әуекомпаниясының басшысы қызметінен кетті

358

Басқарма төрағасының міндеттерін уақытша атқару Нұрлан Мұратұлы Жақыповқа жүктелді.

QAZAQ AIR әуекомпаниясының басшысы қызметінен кетті Фото: QAZAQ AIR әуекомпаниясы

2024 жылғы 29 ақпанда Еркін Наурызбаев "QAZAQ AIR" АҚ Басқарма төрағасы қызметін аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

De-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемесінің командирі және нұсқаушысы Еркін Әнесұлы Наурызбаев QAZAQ AIR әуекомпаниясын 2022 жылдың 9 қыркүйегінен бастап басқарды. Ол отандық әуекомпанияның тізгінін үстаған алғашқы қазақстандық авиация маманы. Еркін Әнесұлының авиациядағы тәжірибесі – 19 жыл.

"Басқарма Төрағасы болып жұмыс істеген уақытында әуекомпания Skytrax беделді халықаралық авиациялық рейтингінің нәтижелері бойынша екі рет Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік әуекомпанияларының үштігіне кірді. 2023 жылы әуекомпания de-Havilland Dash 8-Q400 бес әуе кемесінде 588 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады. Бұл – әуекомпания тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ, оның басқару кезеңінде халықаралық және тұрақты әуе маршруттарының саны артты, жаңа әлеуметтік маңызы бар өңірлік рейстер ашылды, сондай-ақ 2024 жылдың басынан бастап әуе билеттерін тарату желісі кеңейтілді", - делінген әуекомпания хабарламасында.

Басқарма төрағасының міндеттерін уақытша атқару Нұрлан Мұратұлы Жақыповқа жүктелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу