Qazaq Air-дің әуефлоты мамырда тағы бір лайнермен толығады

884

Qazaq Air әуекомпаниясы әуефлотына төртінші өңірлік лайнер – Bombardier Q400 NextGen-ді қабылдады.

Qazaq Air-дің әуефлоты мамырда тағы бір лайнермен толығады

Әуе кемесі сәуір айының соңынан бастап рейстерін үздіксіз орындайтын болады. Компанияның мәліметінше, биылғы жылдың мамыр айында флот тағы осындай әуе лайнерімен толығады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Әуе компаниясының әуе флотын жаңа екі лайнермен толықтыру Qazaq Air-ға ел ішіндегі жұмыс істеп тұрған бағдарлардың жилігін арттыруға, сондай-ақ көршілес елдердің шекаралас өңірлерінде орналасқан қалаларды қамту арқылы шетел бағытына ұшатын тұрақты рейстерді іске қосуға мүмкіндік береді", – деп атап кетті әуе компаниясының басқарма төрағасының м.а. Әділ Дәулетбек. 

Айта кетсек, Qazaq Air – Қазақстандағы өңірлік бадарларға қызмет көрсету үшін құрылған әуе компаниясы, компанияның  акциясы 100% "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорына тиесілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу