"Qazaq Air-дің" екі ұшағынан ақау шықты

1359

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті орын алған жағдайға қатысты ақпарат берді.  

"Qazaq Air-дің" екі ұшағынан ақау шықты

"Qazaq Air-дің" Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы рейсі әуе кемесінен шыққан ақауға байланысты тоқтатылды, ал компанияның тағы бір ұшағынан ақау Нұр-Сұлтан-Алматы рейсін орындап болғаннан соң анықталған, деп хабарлайды   inbusiness.kz.

12 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.20-да ұшуға тиіс "Qazaq Air-дің" Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы QAZ427 рейсі тоқтатылған. Комитет берген ақпаратқа сүйенсек, алдыңғы шассидің "покрышкасы" жарылыпты. Ұшақ жерде 700 метрге дейін ұзаған, әуе кемесін тұраққа сүйретіп әкелуге тура келіпті.

13 ақпан күні аталған әуе компаниясының тағы бір кемесінен ақау табылды, бұл жолы ақау ұшақ қонғаннан кейін анықталған. Сағат 08.12-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы QAZ353 тұрақты рейсін орындаған ұшақты тексергенде, шассидің оң тіреуінің екі пневматикасының бұзылғандығы белгілі болыпты.

"Ұшақтағы барлық жолаушылар эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ",– дейді комитеттен.

Хабарланғандай, енді аталған авиациялық оқиғалар бойынша ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тарапынан тексерулер жүргізілетін болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу