2024 жылғы 9 қаңтарда жарияланған "Qazaq Air" АҚ акцияларының 49-дан 100%-ға дейінгі бөлігін сатуға арналған конкурс жарамсыз деп танылды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Самұрық-Қазына" АҚ-ның мәліметтері бойынша, "Qazaq Air" АҚ-ның акцияларын сату бойынша қайта ашылған екі кезеңдік конкурс байқау шарттарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты жарамсыз деп танылды.
"Самұрық-Қазына" АҚ "КПМГ Такс энд Эдвайзори" ЖШС тәуелсіз консультантының көмегімен "Qazaq Air" АҚ-ны "Самұрық-Қазына" АҚ-ның активтерін және дауыс беретін акциялардың 50%-нан астамын ұйымдардың бәсекелестік ортаға беру қағидаларының нормаларына сәйкес бәсекелестік ортаға беру мәселесін пысықтау бойынша одан әрі шаралар қабылданатын болады. "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №181 шешімімен бекітілген меншік құқығындағы "Самұрық-Қазына" АҚ тікелей немесе жанама түрде тиесілі болып табылады", - делінген хабарламада.