"Qazaq Air" авиакомпаниясы 20 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан – Үшарал бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Бір бағыт бойынша билеттің бағасы – 16 000 тг.
Бұл бағытқа рейстерді "SCAT" авиакомпаниясы орындайтын – аптасына 7 рейс, енді "Qazaq Air" авиакомппаниясына қосымша 4 рейс орындауға рұқсат етілді. Осылайша аталған авиабағыт бойынша аптасына 11 рейс орындалады.
"Qazaq Air" авиакомпаниясының ұшулары дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады:
- Нұр-Сұлтан (07-20) – Үшарал (09-20);
- Үшарал (10-00) – Нұр-Сұлтан (12-15).
Рейстер сиымдылығы 76-дан 86 орынға дейін болатын "Bombardier" әуе кемелерімен орындалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу