Qazaq Air: Омбыдан Астанаға эвакуациялық рейс орындалмайды

480

Бүгін отандық Qazaq Air әуе компаниясы ресми мәлімдеме жасады.  Әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресейден келетін арнайы рейстер туралы ақпарат шындыққа мүлдем жанаспайды. Авиатасымалдаушы Астана-Омбы-Астана бағытындағы рейс бұрынғыдай тұрақты түрде кестеге сай орындалатынын айтты.

Qazaq Air: Омбыдан Астанаға эвакуациялық рейс орындалмайды

Бұған дейін интернетте Омбыдан Астанаға эвакуация жасайтын рейсті Qazaq Air компаниясы орындайды, сайттағы билет бағасы 5 мың доллар деген ақпарат тараған болатын.

Cондықтан жолаушыларға алаяқтарға ұрынып қалмас үшін билет сатып аларда әуе компаниясының веб-сайтына кіруді немесе компанияның билетін сатуға уәкілетті құқығы бар агенттіктердің қызметіне жүгінуді ұсынды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу