Qazaq Air шілдеде жаңа рейстер ашады

657

Сонымен қатар тасымалдаушы Нұр-Сұлтан- Семей бағыты бойынша ұшатын тұрақты рейс  қайта жанданғаны туралы хабарлады.      

Qazaq Air шілдеде  жаңа рейстер ашады

Qazaq Air әуекомпаниясы  7 шілде күні  Нұр-Сұлтаннан Атырауға, 10 шілдеде Нұр-Сұлтаннан Өскеменге ұшатын тұрақты рейсті іске қосады, деп хабарлайды компания. 

Ұшақ ел астанасынан Атырауға әр жексенбі сайын ұшатын болады. Ұзақтығы 2 сағат 40 минут болатын ұшудың билет құны 24 мың 633 теңгеден басталады. Осы сомаға барлық алымдар кіреді.       

Ал Нұр-Сұлтан- Өскемен бағытында ұшатын рейс аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері ұшатын болады. Бір жаққа ұшу билет құны  15 мың 616 теңгеден басталады, осы сомаға барлық алымдар кіреді. Ал оның ұшу ұзақтығы – 1 сағат 30 минут. 

Сонымен қатар тасымалдаушы Нұр-Сұлтан- Семей бағыты бойынша ұшатын тұрақты рейс  қайта жанданғаны туралы хабарлады.       

"Осы рейстердің ашылуы Шымкенттен Атырауға, Өскемен және Ақтөбе, Өскемен және Жезқазған, Ақтөбе және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Семей-Ақтөбеден және Павлодар-Жезқазғаннан ұшатын әуекомпания  жолаушыларына ыңғайлы қосылыстар арқасында  "Qazaq Air"-мен қолайлы және жылдам саяхаттауға мүмкіндік береді",– деп атап көрсетілген хабарламада.

"Qazaq Air " АҚ – Қазақстандағы ішкі бағыттарға қызмет көрсету үшін құрылған жаңа аймақтық әуекомпания, 2015 жылғы сәуір айында тіркелді. Әуекомпания акцияларының 100% "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ына қарайды. QAZAQ AIR әуекомпаниясы ұшу қауіпсіздігінің ең жоғары халықаралық және ұлттық талаптарына сәйкес келіп, турбовинтті ұшақтарды пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу