Qazaq Air ұшағы Атырау әуежайына қону кезінде құстарға соғылды

1089

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралуда. 

Qazaq Air ұшағы Атырау әуежайына қону кезінде құстарға соғылды Фото: inbusiness.kz

Qazaq Air Q-400 Dash 8 ұшағы Атырау әуежайына қону кезінде құстармен соқтығысты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан қанаттың механикаландыруы зақымданған. Ұшақ техникалық мәселелер шешілгенше уақытша пайдаланудан шығарылды.

"Жолаушылар осы әуе компаниясының әуе кемелерінің ұшуы немесе қонуы жайлы ақпаратты нақтылау үшін ресми ақпараттық ресурстардан тексеруі қажет", - делінген басылымда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу