Qazaq Air әуе компаниясы Атыраудан Орал мен Ақтауға тұрақты бағдарлар ашқалы жатыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады "Интерфакс-Казахстан".
Рейстер 1 желтоқсаннан бастап аптасына екі рет – жұма және жексенбі күндері болады. Атыраудан Оралға қатынау бір бағытқа жолаушы қалтасына – 14707 теңгеге, ал Атырау – Ақтау бағыты 11007 теңгеге түседі. Арақашықтық сәйкесіне 50 және 40 минутта еңсеріледі. Бүгінде Qazaq Air Алматыдан Ақтөбе, Астана, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған мен Шымкентке ұшуларды орындайды.
Айта кетейік, Qazaq Air – Қазақстанда аймақтық бағдарларға қызмет көрсету үшін құрылған әуе компаниясы. 100% акциясы "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорына тиесілі.