Qazaq Banki мен Bank RBK бірікпейтін болды

754

Qazaq Banki мен Bank RBK бірікпейтін болды

"Qazaq Banki" АҚ мен "Bank RBK" АҚ бірігу бойынша үдерісті тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Бұған дейін мамыр айында қос банк басшылары бірігетінін жариялап, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Алайда техникалық тұрғыдан ортақ жұмыс жасауды бастамаған еді.

Бұл шешімнен бас тартудың себебін банк басшылары әр банктің жекелей қаржы институты ретінде дамуға толық күші жететінін алға тартады. Сонымен қатар бұл шешім банк клиенттері мен серіктестерінің мүдделерімен де талап етілген. Ұзақ уақыттық кеңесу мен келіссөзден кейін бұдан әрі даму келешектерін бағалай отырып, бүгінгі таңда өз қызметтерін өзіндік қаржы институты ретінде жалғастыру барынша тиімді деген шешім қабылданыпты.
2017 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша "Bank RBK" АҚ активтері 970,7 млрд теңгені, несиелік портфель – 717,8 млрд теңгені, клиент қаражаты 570,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың салымы – 194,5 млрд теңге. Есепті күнге банктің өзіндік капиталы - 97,6 млрд теңгені, жарғылық капиталы 64,4 млрд теңгені құрады. Банктің 2017 жылғы 9 айдағы табысы 3,1 млрд теңгені құрады.
Ал "Qazaq Banki" АҚ-ның 2017 жылдың 10 қазандағы жағдайы бойынша банк активтері 451 млрд теңгені құраған, оның ішінде несие портфелі 348 млрд теңгеге жеткен. Міндеттемелер 405 млрд теңгені құрады. Банктің жеке капиталы 46 млрд теңгені құрады, оның ішінде жарғылық капиталы - 39 млрд теңге. 2017 жылдың 10 айы үшін қаржы нәтижесі 1 462 млн теңге көлемінде құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу