17 қазанда "Qazaq Banki" АҚ Директорлар кеңесі осы кеңестің мүшесі - тәуелсіз директор Ғани Тоқсанбаевты 2016 жылдың 24 қазанынан бастап банк басқармасының төрағасы лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдады.
Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ерлан Келімбетов бұрын атқарған басқарма төрағасының орынбасары қызметіне қайта оралды.
Ғани Тоқсанбаев Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының "Халықаралық құқық" мамандығын үздік тәмамдаған. Вирджиния университетінің Құқық мектебінде заң магистрі дәрежесіне ие болды. Сонымен қатар Оксфорд университетінің Құқық тәжірибесі институтын үздік аяқтаған.
Әділет министрлігінде, "Ұлттық заң қызметі" ЖАҚ, Dentons халықаралық заң компаниясында түрлі қызметтерде жұмыс істеп, Лондонда және Қазақстанда Credit Suisse банкінің вице-президенті лауазымын атқарды.
ҚазАқпарат