Qazaq Banki-нің 1,5 мың салымшысына өтемақы төленді

825

"Qazaq Banki"  АҚ салымшылары Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент-банктен салымдарын ала алады.

Qazaq Banki-нің 1,5 мың салымшысына өтемақы төленді

"Qazaq Banki" АҚ салымшыларына Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент-банкі арқылы өтемақы төлеу басталды. Төлем 2019 жылдың 24 маусымына дейін Қазақстанның әрбір өңірінде орналасқан агент-банктің 17 филиалының барлығында төленетін болады, деп хабарлайды ҚДКБҚ баспасөз қызметі.

"Qazaq Banki" АҚ-ны тарату комиссиясы 2018 жылдың 12 желтоқсанына ұсынған соңғы тізілімге сәйкес, "Qazaq Banki" АҚ салымшыларына беретін жалпы төлем сомасы 20,5 миллиард теңгені құрайды. Банктің 18 мың салымшысының әрқайсысы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан (ҚДКБҚ) өтемін толық көлемде алады. 24 желтоқсаннан бастап "Qazaq Banki" АҚ салымшыларына шамамен 7,8 миллиард теңге көлемінде 1 541 салымшыға өтемақы төленді.

"Qazaq Banki" АҚ-ның салымшылары - жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ҚДКҚ қаражатынан өтемақы алуға құқылы. Салымдардағы, ағымдағы шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақша қаражаттары өтеледі.  Өтемақы салымның толық көлемінде және жинақталған (капиталдандырылған) сыйақы бойынша төленеді. 

ҚДКБҚ жинақталған резерві "Qazaq Banki" АҚ-ның барлық салымшыларына өтемақыны толық кепілдік берілген сома көлемінде төлеуге жеткілікті.  "Qazaq Banki" АҚ салымшыларына төлемдердің жалпы сомасы ҚДКБҚ жинақталған резервінің 3%-нан аспайды.  Бұған қоса, агент банк тұрақты қаржылық жағдайға ие және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін екінші дәрежелі банктердің ішінен таңдалады (қолданыстағы ықпал ету шаралары мен санкциялар жоқ).

Еске сала кетсек, "Qazaq Banki" АҚ ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы шешімінің негізінде барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылған болатын. 2018 жылы 24 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Qazaq Banki" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады.  29 қарашада түскен аппеляциялық шағым бойынша сот ісінің тоқтатылуына байланысты 2018 жылдың 24 қазанындағы Алматы қаласының МАЭС-ның шешімі 2018 жылдың 12 желтоқсанында күшіне енді.  13 желтоқсанда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ ҚДКБҚ атынан және қаражатынан "Qazaq Banki" АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдайтын және өтемді төлейтін агент банк ретінде тағайындалды. 24 желтоқсанда, сот шешімінің күшіне енгеннен кейінгі алтыншы жұмыс күні, агент банк өтініштерді қабылдау мен өтемақы төлеуге кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу