Qazaq Banki-нің 15 мың салымшысы кепілдік берілген өтемді алуға асығар емес

777

2019 жылдың 8 қаңтарындағы жағдай бойынша, "Qazaq Banki" АҚ-ның 2 886 салымшысы агент банкке жүгініп, жалпы сомасы 14,4 миллиард теңгені құрайтын өтемақы алды. 

Qazaq Banki-нің 15 мың салымшысы кепілдік берілген өтемді алуға асығар емес

ҚДКБҚ "Qazaq Banki" АҚ-ның салымшылары алдындағы міндеттемелерінің 71%-ын өтеді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

2018 жылдың 24 желтоқсанынан бастап, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент банкі арқылы "Qazaq Banki" АҚ салымшыларына өтемақының төленуін жүргізіп жатыр.

2019 жылдың 8 қаңтарындағы жағдай бойынша, "Qazaq Banki" АҚ-ның 2 886 салымшысы агент банкке жүгініп, жалпы сомасы 14,4 миллиард теңгені құрайтын өтемақы алды. Бұл ҚДКБҚ-ның "Qazaq Banki" АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелердің жалпы сомасының 71%-ын құрайды.

Агент банкке жүгінген салымшылардың 93%-ы төлемді сол күні алды. Салымшылардың қалған 7%-ы, негізінен, мүдделерін сенімхат бойынша танытқан, өтініштері негізінде заңды қорытынды талап етілген үшінші тұлғалар, төлемді заңнамамен белгіленген бес жұмыс күні ішінде алды. Салымшылардың 84%-ы ақшаны агент банктің кассасында қолма-қол алып, ал 16%-ы ақшаны агент банктегі немесе басқа да банктегі банк шотына аударуды таңдады.

Қазіргі таңда ҚДКБҚ-ның жалпы міндеттемелер сомасынан төленбеген 29%-ы кепілдік берілген өтемді алуға әлі жүгінбеген 15 мың салымшы үшін агент банкте көзделген (84%). "Qazaq Banki" АҚ салымшылары 2019 жылдың 24 маусымына дейін өтінішпен агент банкке кез келген уақытта жүгіне алады. Бұдан кейін өтінішті тікелей ҚДКБҚ-ға беруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу