Бұл туралы хабарландыру e-qazyna.kz порталында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жалпы аумағы 553,6 шаршы метр. Жылжымайтын мүлік Бостандық ауданындағы Қарғалы ықшам ауданы 2-көше, 48-үй мекенжайында орналасқан. Сонымен қатар, 0,14 гектар жер учаскесі мен қосымша шаруашылық құрылыстары да бірге сатылады.
Нысаның жалпы құны – 460,6 миллион теңге. Сауда 26 наурызда басталады, кепілдік жарнасы – 69 миллион теңгеден асады.
Бастапқы бағасы – 1,3 млрд теңге.
Бұл зәулім үйдің марқұм Бақыт Ибрагимге тиесілі екенін Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        