Qazaq Banki-нің филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері жабылады

669

Еліміз бойынша жалпы саны сегіз бөлімше 1 қыркүйекте жабылады.

Qazaq Banki-нің филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері жабылады

Qazaq Banki өз филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерін жабатынын  жариялады, деп хабарлайды Atameken TV.

KASE мәліметінше, қаржы институтының директорлар кеңесі Алматы және Астана қалаларында филиалдардың жұмысын тоқтатуға шешім қабылдаған. Сондай-ақ бұл тізімге Жамбыл, Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарындағы банк филиалдары да кіреді.

Ал, банктің Қарағанды ​​облыстық филиалы мен Шымкенттегі кеңсесі операцияларды тоқтатады. Еліміз бойынша жалпы саны сегіз бөлімше 1 қыркүйекте жабылады.

Еске сала кетсек, 31 шілдеде Ұлттық банк "Qazaq Banki" акционерлік қоғамының жеке тұлғалардан депозит қабылдау және жеке тұлғаларға банктік шот ашу туралы лицензиясын 28 қыркүйекке дейін тоқтатқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу