"Qazaq Banki" салымшыларына өтем төлеу 24 сәуірге дейін ұзартылды

774

2 жылда 20,3 млрд теңге кепілдік төлем өтелген.

"Qazaq Banki" салымшыларына өтем төлеу 24 сәуірге дейін ұзартылды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры "Qazaq Banki" АҚ салымшыларына агент банк арқылы кепілдік берілген өтем төлеу мерзімі 2021 жылдың 24 сәуіріне дейін ұзартылғанын хабарлайы.

"Qazaq Banki" АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелердің 99 пайызы орындалды. Яғни, екі жылға созылған төлем барысында салымшылар 20,3 млрд теңгеге кепілдік берілген өтем алды. Бұл ретте өтем алуға бар болғаны 5,9 мың адам немесе салымшылардың жалпы санының 33 пайызы ғана өтініш берген", - деп жазылған ресми мәліметте.

"Міндетемнің 99 пайызын орындадық" десе де, кепілдік қоры қалған салымшылардан құжат қабылдау мерзімін 2021 жылдың 24 сәуіріне дейін созып отыр.

"Qazaq Banki" АҚ салымшысы бола тұра өз құқығын талап етіп үлгермеген азаматтар агент банктің бөлімшелеріне бірнеше жолмен жүгіне алады. Бұл үшін www.vtb-bank.kz сайты немесе 5050 қысқа нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) анықтама қызметінен филиалдардың жұмыс кестесі туралы алдын ала біліп алуға болады.

Төлем сомасын есептеуге байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, салымшылар "Qazaq Banki" АҚ тарату комиссиясына мына мекенжайлар бойынша жүгінулері қажет:

Алматы қ., Төлебаев көшесі, 38/61, "Жетісу" БО, 4 қабат (Мақатаев көш. бұрышы), телефон: +7 (727) 380 39 51;

Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Иманов көшесі, 11, "Нұрсәулет" БО, телефон: +7 (717) 291 92 60.

Депозиттер бойынша кепілдік беру мәселелері, өтем төлеу тәртібі бойынша "Qazaq Banki" АҚ салымшылары қордың байланыс орталығына 1460 тегін қысқа нөміріне хабарласып,info@kdif.kz электрондық поштасы, www.kdif.kz сайты немесе @kdif_ask Телеграм-чаты арқылы сауал жолдай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу