Qazaq Banki салымшыларына өтемақы 10 желтоқсаннан бастап беріледі

966

Qazaq Banki салымшыларына өтемақы 10 желтоқсаннан бастап беріледі

"Qazaq Banki" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданды және 2018 жылғы 30 қарашада заңды күшіне енеді, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

"Qazaq Banki" АҚ-ның салымшыларына кепілдікті өтемақыны төлейтін агент-банк 2018 жылғы 4 желтоқсанда айтылады.

"Qazaq Banki" АҚ салымшыларына агент-банк арқылы төлемдер төлеу 2018 жылғы 10 желтоқсанда басталады. Ол кезге дейін ҚДКҚ агент-банк үшін белгіленген өлшемшарттарға банктердің сәйкес келуін бағалау рәсімдерін жүзеге асырады, атап айтқанда: әлеуетті агент-банктің қаржылық жай-күйінің орнықты болуы, белгіленген заңнамалық талаптарды, оның ішінде Ұлттық банктің пруденциялық нормативтерін 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша орындауы, "Qazaq Banki" АҚ-тың салымшылары орналасқан өңірлерде филиалдар желісінің болуы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу